«Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында ауысымына 35 келуші қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

Орал қаласы                                № 16-2- 4                            16 наурыз 2018 жыл

 

 

«Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау

ауданының Лубенка ауылында ауысымына

35 келуші қабылдайтын дәрігерлік

амбулатория құрылысы және пайдалану»

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдардың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында ауысымына 35 келуші қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Лайгэ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                       М.Байжанов

Облыстық мәслихат хатшысы                                        М.Құлшар

 

 

 

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2018 жылғы

     наурыздағы №16-2- 4

     шешіміне қосымша

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы 2019 2020 2021 2022 2023
«БҚО Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында ауысымына 35 келуші қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы және пайдалану» 33 448

 

33 448

 

33 448

 

33 448

 

33 448

 

БАРЛЫҒЫ 167 240