Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Евразия даңғылын қайта атау туралы

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

ҚР Әділет Министрлігі БҚО Әділет департаментінің нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 03.09.2020ж. № 6349 болып енгізілді

 

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласының Евразия даңғылын

қайта атау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде және Орал қаласы халқының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Евразия» даңғылы – «Абай» даңғылы деп қайта аталсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

Ғ.Исқалиев

 

Сессия төрағасы 

Н.Серғалиев

                                               

 

Облыстық мәслихат хатшысы               

М.Құлшар