Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Достық – Дружба даңғылын қайта атау туралы

(мемлекеттік  тіркеу  20 наурыз 2019  жыл №5571)

Батыс Қазақстан

облысының әкімдігі

№ 58

20 наурыз  2019 жыл

Батыс Қазақстан облыстық

Мәслихаты

№ 24-1

20  наурыз  2019 жыл

 Орал қаласы

 

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысы

Орал қаласының Достық – Дружба

даңғылын қайта атау туралы   

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 20 наурыздағы қорытындысы негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Орал қаласының «Достық – Дружба» даңғылы «Нұрсұлтан Назарбаев» даңғылы деп қайта аталсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                    А.Көлгінов Сессия төрағасының

міндетін атқарушы                                        М.Құлшар

 

Облыстық мәслихат хатшысы                      М.Құлшар