БҚО Казталов ауданының кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан

облысының әкімдігі

2018 жыл

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаты

№ 

7  желтоқсан 2018 жыл

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының

кейбір елді мекендерінің әкімшілік-аумақтық

құрылысына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Казталов аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 17 қазандағы №350 және Казталов аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қазандағы №16-10 бірлескен қаулысы және шешімі негізінде тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып,Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының әкімшілік –аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Ақпәтер ауылдық округінің Кішкене шал елді мекені таратылсын және оның бағыныстылығы Ақпәтер ауылдық округіне өзгертілсін;

2) Талдықұдық ауылдық округінің Таскүтір елді мекені таратылсын және оның бағыныстылығы Талдықұдық ауылдық округіне өзгертілсін;

3) Талдықұдық ауылдық округінің Құрман елді мекені таратылсын және оның бағыныстылығы Талдықұдық ауылдық округіне өзгертілсін;

Келесідей елді мекендердің бағыныстылығы өзгертілсін:

1) Жалпақтал ауылдық округінің Құлақ елді мекені – Жалпақтал ауылына;

2) Қараөзен ауылдық округінің Құлақ елді мекені – Қараөзен ауылына;

3) Қарасу ауылдық округінің Төреғали елді мекені -Қарасу ауылына.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы(А.Сұлтанов)осы бірлескен қаулы және шешімнің Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                          А.Көлгінов Сессия төрағасы                                М.Құлшар

 

Облыстық

мәслихат хатшысы                             М.Құлшар