Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Жоба

 

Орал қаласы                                     №                             ___ ______ 2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облысы

жер үсті көздеріндегі су ресурстарын

пайдаланғаны үшін төлемақы

ставкаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-2 «Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3268 тіркелген, 2013 жылғы 27 сәуірдегі «Орал өңірі» газетінде жарияланған), «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 27-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-2 «Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4096 тіркелген, 2015 жылғы 28  қазанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
  3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                               И.Илимисов

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                      М. Құлшар

 

Батыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың

2018 жылғы «___» _______ № ____

шешімімен бекітілген

 Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

Арнаулы су пайдаланудың түрі Өлшем бірлігі Төлем мөлшері, теңге
1 Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер Теңге/ 1000 тек.м. 95,753
2 Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде Теңге/ 1000 тек.м. 273,952
3 Ауыл шаруашылығы Теңге/ 1000 тек.м. 77,133
4 Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары Теңге/ 1000 тек.м. 74,473
5 Су көлігі Теңге/ 1000 т.км 9,31

 

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

тек.м. – текше метр;

т.км – тонна километр.