Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жоба

 

Орал қаласы № «___»__________2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша

тұрғын үй сертификаттарының

мөлшері мен оларды алушылар

санаттарының тізбесін айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңдарына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2019 жылы 21 маусымда №18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (______­­­____) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

Облыстық мәслихат

хатшысы М. Құлшар

 

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы

«_» ______ №___ шешіміне қосымша

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

 

1. Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына сәйкес әзірленді.

2. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:

1) «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде салынған, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, бастапқы тұрғын үйді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жеке меншікке сатып алу үшін, (қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде) әлеуметтік көмек түріндегі бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде;

2) «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде салынған, ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, «7-20-25. Әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй кредитін беру бағдарламасы және «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша бастапқы тұрғын үйді жеке меншікке сатып алу үшін, (ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түріндегі) әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түріндегі бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде айқындалады.

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеден аспайды.

3. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және агрономия салаларындағы қызмет ететін қажетті мамандар.