«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі төрағасы лауазымына тағайындау туралы

Орал қаласы №17-15-2 31 мамыр 2018 жыл

 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша

тексеру комиссиясы» мемлекеттік

мекемесі төрағасы лауазымына

тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2 тармағы 2-1 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 47 бабы 2 тармағына сәйкес және 2018 жылғы 30 мамырдағы №1-10-1-17/2075-И Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ұсынысы негізінде, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2018 жылдың 1 маусымынан бастап «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы лауазымдық қызметіне Әлібек Чапайұлы Қадырбеков тағайындалсын.
  2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы Ф.Бахтиозин

 

Облыстық мәслихат

хатшысы М.Құлшар