«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі төрағасының тексеру комиссиясы мүшелерін тағайындауға ұсынысы туралы

Орал қаласы                             № 17-14                             31 мамыр 2018 жыл

 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру

комиссиясы» мемлекеттік мекемесі төрағасының

тексеру комиссиясы мүшелерін тағайындауға

ұсынысы туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2 тармағы 2-1 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 47 бабының 3 тармағына және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі төрағасының 2018 жылғы 29 мамырдағы №02-2/622 және  №02-2/623 ұсыныстарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің тексеру комиссиясы мүшелері лауазымдық қызметіне Көбейсінов Мереке Кәкенұлы және Хамидуллин Батыржан Жәлитұлы тағайындалсын.
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің тексеру комиссиясы мүшелерін тағайындауға ұсыныстар туралы» №11-2 шешімі жойылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

         Сессия төрағасы                                                       Ф.Бахтиозин

 

         Облыстық мәслихат

                   хатшысы                                                           М.Құлшар