«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі төрағасының тексеру комиссиясы мүшелерін тағайындауға ұсыныстары туралы

Орал қаласы                                 № 19-11                 28 қыркүйек 2018 жыл

 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру

комиссиясы» мемлекеттік мекемесі төрағасының

тексеру комиссиясы мүшелерін тағайындауға

ұсыныстары туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 2-1 тармағына сәйкес және «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің тексеру комисиясы төрағасының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі №02-2/931 және
№10-25/932 ұсыныстары негізінде, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің тексеру комиссиясы мүшелері лауазымдық қызметіне Қанат Сейдазымұлы Алпысбаев және Есбол Геззатоллаұлы Кисметов тағайындалсын.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің тексеру комиссиясы мүшелері туралы ұсыныстар» туралы №13-2 шешімі жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

Сессия төрағасы                                               И. Илимисов      

                          

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           М.Құлшар