«Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылындағы «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжайық ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға компьютерлік томографты лизингке алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

Орал қаласы                                      23-3-1                          6 наурыз 2019 жыл  

 

«Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,

Чапаев ауылындағы «Шаруашылық  жүргізу

құқығындағы «Ақжайық ауданының

орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық

кәсіпорынға компьютерлік томографты

лизингке алу» мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы», Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 1 тамыздағы «Жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрықтарына және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсанындағы №15-3 «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №19-2 шешіміне сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылындағы «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақжайық ауданының орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынға компьютерлік томографты лизингке алу» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Дал Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                       М.Құлшар                                                        

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                    М.Құлшар 

 

Келісілді:

БҚО экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы

басшысының орынбасары                                                                                          Е.Бекетов

 

 

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2019 жылғы

     6 наурыздағы №23-3-1

     шешіміне қосымша

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы

2019 2020 2021
«БҚО Ақжайық ауданының Чапаев ауылы ШЖҚ «Ақжайық ауданының орталық ауруханасы» МКК үшін компьютерлік томографты лизингке алу» 126 360 126 358 126 358
БАРЛЫҒЫ 379 076