«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Қадыр Мырза Әлидің есімін беру туралы

    Батыс Қазақстан                                          Батыс Қазақстан облыстық
  облысының әкімдігі                                                     мәслихаты
            № 49                                                                      № 9-9
2017 жылғы «24» ақпан                                2017 жылғы  «24» ақпан

 

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН
ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
мәдениет, архивтер және құжаттама
басқармасының Батыс Қазақстан
облыстық мәдениет және өнер орталығы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнына Қадыр Мырза Әлидің
есімін беру туралы

 

                Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ұжымының «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Батыс Қазақстан облыстық мәдениет және өнер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Қадыр Мырза Әлидің есімін беру туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Осы бірлескен қаулы мен шешім заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізілсін.

 

Облыс әкімі                                                  Сессия төрағасы
              А. Көлгінов                                                        А. Таспихов

                                                                      Облыстық мәслихат хатшысы
                                                                                        М. Құлшар