Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесін құру туралы

Орал қаласы                                 №17-10                     31 мамыр 2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі 

жанындағы жеке кәсіпкерлік

мәселелері жөніндегі сараптамалық

кеңесін құру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375  Кәсіпкерлік Кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік  ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1090 қаулысына   сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі №91 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Сессия төрағасы                                                       Ф. Бахтиозин

 

Облыстық мәслихат                                                      

хатшысы                                                           М. Құлшар

 

 

 

2018 жылғы 31 мамырдағы №17-10

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаттың шешіміне

1 қосымша

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (кәсіпкерлік саласына жетекшілік ететін), кеңес төрағасы;
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық- инновациялық даму басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары;
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары (кәсіпкерлік салаға жетекшілік ететін), кеңес хатшысы;
Кеңес мүшелері:
«Орал» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);
Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры (келісім бойынша);
Лаврентьев Борис Георгиевич «АҚ ЖОЛ» шағын және орта бизнесті қолдау Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры(келісім бойынша);
Махмұдова Шолпан  Жұматайқызы «Шағын бизнес орталығы» ассоциациясының директоры (келісім бойынша);