Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттар бойынша конкурс

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне кандидаттар бойынша конкурс жариялайды. Кандидат ретінде он сегіз жасқа толған,  Батыс Қазақстан облысында тұратын және осы заңның 10- бабының 1-тармағында көрсетілген :

  1. сотталғандығы болмауы;
  2. сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуы;
  3. Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық ұйымдарына есепте тұрмауы сияқты талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін:

  1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Заңның 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңес мүшелігіне жарияланған конкурсқа жіберілмейді.

Жоғарыда аталған құжаттарды конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он күннің ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет: Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 201, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты, №301 кабинет, телефон №: 51-92-34, 51-92-30(факс), электрондық пошта: zkomaslihat@bk.ru

 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы