«Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы, Тасқала ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

Орал қаласы                                    №16-2-3                          16 наурыз 2018 жыл 

 

 

«Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы,

Тасқала ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы

жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын

күрделі жөндеу және сервистік қызмет көрсету»

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдардың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданы, Тасқала ауылындағы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Қамқор Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                            М.Байжанов

Облыстық мәслихат хатшысы                                      М.Құлшар

 

 

 

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2018 жылғы

     16 наурыздағы №16-2-3

     шешіміне қосымша

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

 

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы 2018 2019 2020 2021 2022 2023 2024 2025 2026 2027 2028
«БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және сервистік қызмет көрсету» 38 984 105 311 103 849 102 120 100 451 98 842 84 723 58 097 60 101 62 175 54 918
БАРЛЫҒЫ 869 571