«Батыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар Чапаево-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолының 0-337 шақырымына сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы

 

Орал қаласы                                     №16-2-2                        16 наурыз  2018 жыл  

 

                                                                                                        

«Батыс Қазақстан облысының облыстық

маңызы бар Чапаево-Жаңақала-Сайқын

автомобиль жолының 0-337 шақырымына

сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдардың 2017-2019 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «БҚО облыстық маңызы бар Чапаево-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолының 0-337 шақырымына сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша «Жолаушы-Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартты жасасуға мемлекеттік міндеттемелері қабылдансын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Сессия төрағасы                                                 М.Байжанов

Облыстық мәслихат хатшысы                                         М.Құлшар                   

 

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2018 жылғы

     16 наурыздағы №16-2-2

     шешіміне қосымша

 

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы 2018 2019 2020 2021 2022
«БҚО облыстық маңызы бар Чапаево-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолының 0-337 шақырымына сервистік қызмет көрсету» 204 974 219 218 234 451 250 744 268 169
БАРЛЫҒЫ 1 177 556