Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

жоба

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысының

кейбір елді мекендерін

қайта атау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 9 қазандағы қорытындысы негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері қайта аталсын:

Бәйтерек ауданы бойынша:

Факел ауылы – Жалын ауылы;

Озерный ауылы – Болашақ ауылы;

Теректі ауданы бойынша:

Подхоз ауылы – Ыждағат ауылы;

Донецк ауылы – Тақсай ауылы;

Социализм ауылы – Кемер ауылы;

Жаңа Өмір ауылының орыс тіліндегі «Новая Жизнь» атауы – Жана Омир ауылы.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі

Ғ. Есқалиев

 

Сессия төрағасы

Ғ. Нұрмұханов

   

Облыстық мәслихат хатшысы

М. Құлшар