Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Батыс Қазақстан

облысының әкімдігі

№ _____________

_____         ___________ 2018 жыл

Батыс Қазақстан облыстық

Мәслихаты

№ _____________

_______________ 2018 жыл

Орал қаласы

БІРЛЕСКЕН

ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

 

Батыс Қазақстан облысының

кейбір елді мекендерін

қайта атау туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңдарына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 29 маусымдағы, 2018 жылғы 24 тамыздағы қорытындылары негізінде, тиісті аумақтар тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендері қайта аталсын:

Бөкей ордасы ауданы бойынша:

Жамбыл ауылы – Жетібай ауылы;

Тасқала ауданы бойынша:

Беленькое елді мекені – Ақкүтір елді мекені;

Черная Падина елді мекені – Қараой елді мекені;

Ермольчево елді мекені – Еменжар елді мекені.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы бірлескен қаулы және шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Облыс әкімі                                  А.Көлгінов Сессия төрағасы                        М.Құлшар

 

Облыстық

мәслихат хатшысы                    М.Құлшар