Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

 

 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ  ШЕШІМІ

2019 жылғы 27 мамыры

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН

 

РЕШЕНИЕ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОГО ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА

№ 25-7 

 

 Орал қаласы                                                                                                                   город Уральск

 

Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерiне жұмысқа

жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне

бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің

тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының ауылдық жеріне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау қағидасы бекітілсін.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша (docx, 27 Kb)

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 29.05.2019

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 5689 болып енгізілді

 

Результаты согласования

ГУ «Аппарат областного маслихата ЗКО» – Замистилель руководителя аппарата Есентай Гиниятович Калиев, 27.05.2019 16:17:14, положительный результат проверки ЭЦП

ГУ «Аппарат областного маслихата ЗКО» – Секретарь маслихата Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, 27.05.2019 16:18:20, положительный результат проверки ЭЦП

Департамент юстиции Западно-Казахстанской области – Заместитель руководителя Естай Елтаевич Рашкалиев, 28.05.2019 12:19:28, положительный результат проверки ЭЦП