Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 

Орал қаласы                             №                          «___»__________2020 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облысының аумағында

ауыл шаруашылығы жануарларын

жаюдың қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидалары бекітілсін.

2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы

Н. Серғалиев

Мәслихат хатшысы

М. Құлшар

 

 

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының«Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидасын бекіту туралы» шешім жобасына түсіндірме жазба

 

«Қазақстан Республикасының Жер кодексіне» 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 ҚР Кодексі, «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы №339-ІІІ ҚР Заңына,  «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II ҚР Заңына, «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қантарындағы №148 ҚР Заңына,    Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 6-бабының 3-3) тармақшасы негізінде, агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлетті органдар ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленіп, бекітіледі.

Өз кезегінде, Заңның 7 – бабына 12-14) тармақшасына сәйкес, жергілікті  атқарушы органдар мен өкілді органдардың құзыретінде үлгілік қағидалары негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын ұсынады.

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірі № 145 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына» сәйкес Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидасы әзірленді.  Мал жаю ережесін сақтау – заңсыздықтардың жолын кеседі. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының көбісі өзін-өзі жұмыспен қамтып, егін егіп, мал ұстап, жанұясын бағуда.

Осыған орай, олардың құқықтарын, қылмыстық қол сұғушылықтан  қорғау маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Ауылдықтардың малдары жоғалуы олардың материалдық тұрмыстарына қандай әсерін тигізетіні белгілі. Сондай – ақ, қағида негізінде, ауыл шаруашылығы жануарларының қатысуымен жол көлік оқиғаларының санының азаюына септігін тигізеді деп есептейміз.

 

 

 

Басқарма басшысы                                         Б.Есенғалиев

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2020 жылғы

_______ №__ шешімімен бекітілген

 

 

Батыс Қазақстан облысының аумағында

ауыл шаруашылық жануарларын жаюдың

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидасы (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442  «Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Кодексі, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі ҚР Заңына, «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы №339-ІІІ ҚР Заңына,  «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II ҚР Заңына,  «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қантарындағы №148 ҚР Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірі № 145 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына»  сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.

1. Жайылымдарды пайдалану тәртібі жергілікті атқарушы органдар әзірлеген және ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органдарымен бекітілген жайылымдарды пайдалану және пайдалану жоспарларымен реттеледі.

Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері – меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;

2) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады;

3) жайылым айналымы – жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдарды өнімді жағдайда ұстап тұру үшін оларды кезеңділікпен және кезектілікпен пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі;

4) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелері, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелері;

5) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) – ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;

6) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар  – жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданатын жоспар.

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктердің тиісті аумақтарында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю дәстүрі ескеріледі.

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қысқа мерзімді (бір жылға дейін) және (немесе) ұзақ мерзімді (екі жылға дейін) кезеңдерге бекітілетін нормативтік құқықтық акт болып табылады;

7) жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары – жайылымдық шалғынның ботаникалық құрамы мен оның өнімділігіне залал келтірмей ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыруға болатын, жайылымдардың жалпы алаңына ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша, жайылымдардың типтері мен табиғи-климаттық аймақтар бөлінісінде өңірлер бойынша түсетін жүктеменің сараланған нормалары;

8)  ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;

10) өзіндік қосалқы шаруашылық – ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;

11) шалғайдағы жайылымдар – елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар;

12) Кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жергілікті халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша мұқтажын қанағаттандыру үшін беріледі.  Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана, осы баптың  көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі;

 

2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі

 

  1. Ауыл шаруашылығы жануарлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жануарлар ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық дауалаудың жүзеге асырылуын бақылау және қадағалау мақсатында әрбір жануарға қадағалау жүргізуге мүмкіндік беретін міндетті сәйкестендіруге жатады.

Мыналарға:

– ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған;

– міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және вакцинациялаудан өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;

– төлдеу, босану алдындағы төлдеуден, туудан кейін буыны бекімеген аналық мал басын және жетілмеген жаңа туған төлді, жаюға жол берілмейді.

  1. Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суару алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.

Мыналарға:

– қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, су айдындарында және жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.

Мал жаюға тыйым салынады:

– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарында айқындалатын санитарлық және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларында;

– көшелерде, алаңдарда, алаңдарда, темір жолдар мен автомобиль жолдарында, сондай-ақ басқа да қоғамдық жерлерде.

5. Малды жайылымдық жерлерге айдау үшін суару көздері, малды айдау жолдары  Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 70 және 104-баптарына сәйкес жасалады:

6. Ауылшаруашылық жануарларын бүкіл айдау маршрутында:- аяқ-ауыз аурулары, қышымалар және басқа да жұқпалы аурулардан өткен жолдармен, қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл кезінде,  шабындықтар мен дақылдарда айдауға жол берілмейді.

7. Жаюдың басталу күні ауа температурасының Цельсий бойынша +10 градустан жоғары тұрақты кезеңіне белгіленеді. Ауыл шаруашылығы жануарлары түрі мен өсімдік түріне байланысты жаюдың алдында оңтайлы биіктік табиғи жайылымдарда шөптің тиімді биіктігі 2- ден 6 сантиметрге (бұдан әрі – см) дейін және екпе жайылымдарда 10 см-ден жоғары болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда бағу 15-20 см биіктікте қар жауғанда аяқталады.

 

3 тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру

 

1.  «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңына және 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары және аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері мыналарды қамтамасыз етеді:- қолдағы бар жануарларды жайылымның жүктеме нормаларына сәйкес қажетті жайылымдық жермен;-  мемлекеттік меншіктегі елді мекендер мен ауылдық елді мекендердің аумағында жайылымдар сүтті малын жаю үшін беріледі;

– жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде ғана басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға рұқсат етіледі.

– елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалар  жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды ұйымдастырады.

2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жайылым кезеңі басталғанға дейін:1)мал жаюды бақылауға жауапты тұлғаларды тағайындайды;үй жануарларының иелерімен бірге жергілікті қауымдастық жинау хаттамасының негізінде:2) жануарларын жиналатын орындарды;

– елді мекен ішіндегі жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;

– елді мекендер айналасындағы жайылымдарда жануарларын жаюға арналған учаскелерді;

– аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;

– жануарлардың түрлері бойынша жайылымдарда мал жаюға арналған учаскелерін;

– шалғайдағы жайылымдарда жануарларын жаюға арналған түрлері бойынша учаскелерін;

– әр түр үшін мал жаю үшін төлем мөлшерін айқындайды.

3) елді мекендердің айналасындағы жайылымдарда мал жаюға уәкілеттік берілген адамдарды, олармен келісім жасасайды немесе мал иелерінің ауысымға өткізу кестесін;

– шалғайдағы жайылымдарда мал жаюға уәкілеттік берілген адамдарды, олармен келісім жасасайды немесе мал иелерінің ауысымға өткізу кестесін жасайды;4) жануарларының түрлері бойынша топтарын қалыптастыруды;

– елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген  жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдау;

– жануарлар тобын алыс орналасқан жайылымдарға айдаған кезінде персоналдың демалуы, әлсіреген жануарларға су және жем беру, сондай-ақ басқа да қажетті жабдықтармен жабдықталған сүйемелдеу құралдары алып жүру көлігін;- жануарларды түнде ұстау үшін алыс жайылымдарда уақытша баспана салу;- персоналдың өмірін қамтамасыз ету шарттары (барлық қажетті тұрмыстық заттармен жабдықталған тұрғын үй (тіркеме, киіз үй), электрмен, ауыз сумен жабдықтауды ұйымдастырады.3. Сүтті малдар мен жүргізуге жарамсыз жануарлардан (әлсіреген, жарақаттанған, жасанды тамақтандыратын жас және т.б.) басқа, елді мекендер шегінде жайылыммен қамтамасыз етілмеген жануарлардың барлық түрлері мен топтары шалғайдағы жайылымға жаюға жіберіледі

4. Ауыл шаруашылығы малдарын жаю жайылымдарды пайдалану Жоспарға сәйкес анықталады.

 

4 тарау. Қорытынды ережелер 

1. Жануарларды жаю ережесін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

2. Осы Ереженің қолданылуы жануарлардың меншік иелеріне, жеке және заңды тұлғаларға, меншік нысанына және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, иелік етілетін немесе басқа жолмен иеленетін жануарларға қолданылады.