Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының №4 хаттамасы

Облыстық мәслихат үлкен зал

Орал қаласы                                                 11 желтоқсан 2019 жыл, сағат 12.00

 

Төраға:М.И.Құлшар – жұмыс тобының басшысы

 

Құрметті отырысқа қатысушылар!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №516 қаулысының 3 тарауына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысын ашық деп жариялаймын.

 

Құрметті отырысқа қатысушылар!

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінен отырысқа келесі жолдастар қатысып отыр.

Құлшар М.И. – жұмыс тобының басшысы, Кадралиев Д.К, Жолдасқалиев Н.Қ, Мұхамбетов М.Ә, Тұманбаева С.А, Сармалаев Х.М.,  Мадиров К.Н.

Жұмыс тобының 9 мүшесінен 7-і қатысып отыр. Жұмыс тобы отырысын өткізуге толық құқылы.

 

Құрметті отырысқа қатысушылар!

Жұмыс тобы отырысының күн тәртібін қалыптастыруға кірісеміз.

Отырыстың күн тәртібіне:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №516 қаулысына сәйкес мемлекеттік органдар және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар ұсынған кандидатуралардан келіп түскен құжаттарды талқылау және әрбір кандидат бойынша ашық дауыс беруді жүргізу туралы.

 

Ол жөнінде басқа ұсыныстар бола ма?

Күн тәртібі бекітілсін деген ұсыныс бар.

 

Дауысқа саламын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ.

Күн тәртібі бекітілді.

 

Келесідей отырыс регламенті ұсынылады:

Күн тәртібіндегі кандидаттардың құжаттарымен таныстыруға – 10 минут, сұрақ-жауапқа -5 минутқа дейін, отырысты үзіліссіз аяқтау.

Ол жөнінде басқа ұсыныстар бола ма?

Отырыс регламенті бекітілсін деген ұсыныс бар.

Дауысқа саламын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс? Жоқ.

Отырыс регламенті бекітілді.

 

Құрметті отырысқа қатысушылар!

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес мүшелігіне бір орынға коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен, азаматтардан келіп түскен кандидаттардың құжаттарымен таныстыруға рұхсат етіңіздер.

  1. Бижанова А.Ә.
  2. Жолдасқалиев Н.Қ.
  3. Кухаев Б.А.

 

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес мүшелігіне коммерциялық емес ұйымдардан ұсынылған  және азаматтардан өзін-өзі ұсынған кандидаттар бойынша дауыс беру сұралады:

  1. Бижанова А.Ә.              – Жақтап – 2 адам
  2. Жолдасқалиев Н.Қ.       – Жақтап – 0 адам
  3. Кухаев Б.А.                  – Жақтап – 5 адам

 

Дауыс беру қорытындысына сәйкес:

Кухаев Б.А. Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайланды.

Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысын жабық деп жариялаймын.

 

 

Жұмыс тобының басшысы                                         Құлшар М.И.

 

Жұмыс тобының хатшысы                                         Қадралиев Д.Қ