Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесі туралы ақпарат

2019 жыл 1 сәуір

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 тамыздағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №516 қаулысына сәйкес 2019 жылғы 5 наурызда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысында  облыстық Қоғамдық кеңестің құрамы 31 адамнан қалыптастырылды. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №23-5-1 және №23-5-2 шешімімен  Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамы және оның ережесі бекітілді.

Қоғамдық кеңестің құрамы31 адам, олардың 4-і мемлекеттік органдар өкілдері және 27-сі комерциялық емес ұйымдар өкілдері. Орал қаласының және 12 ауданның Қоғамдық кеңес төрағалары облыстық Қоғамдық кеңестің құрамына енгізілді.

Қоғамдық кеңестің төрағасы болып Салықов Ербол Ғұмарұлы, ал Қоғамдық кеңестің хатшысы болып Айтимов Ақсерік Сарыұлы сайланды.

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің 11 мүшесінен төралқа құрамы сайланды.

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төмендегі 4 комиссияны жасақтады:

– Қоғамдық мониторингты, қоғамдық тыңдауды, қоғамдық талдауды және есептерді тыңдауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша комиссиясы.

– Аумақтық даму бағдарламасы және бюджет мәселелері бойынша комиссиясы.

– Тұрғындардың әлеуметтік мәселелері және әлеуметтік жобалар бойынша комиссиясы.

–  Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиясы.

2019 жылдың 20 наурызында Облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді, онда «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Достық-Дружба» даңғылын қайта атау туралы» мәселе қаралды. «Достық-Дружба» даңғылын «Нұрсұлтан Назарбаев» даңғылы деп қайта аталуын Облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері мақұлдады.

2019 жылдың наурыз айы ішінде Облыстық Қоғамдық кеңестің бір төралқа отырысы өткізілді, онда 15 мемлекеттік органдар ұсынған нормативтік-құқықтық актілердің жобалары қаралды, 14-і мақұлданды, 1-і кері қайтарылды.