Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің 2016 жылы атқарған қызметі туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» №383-V заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №1194 қаулысына және Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының 2016 жылғы 22 ақпандағы №2 хаттамасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы №31-1 шешімімен  Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің құрамы 41 адамнан қалыптастырылды.

Қоғамдық кеңестің құрамы – 41 адам, олардың 28-і (68%) коммерциялық емес ұйым өкілдері араларынан конкурстық негізде сайланғандар, 13-і (32%) мемлекеттік органдар өкілдері. Орал қаласының және 12 ауданның Қоғамдық кеңес төрағалары облыстық Қоғамдық кеңестің құрамына енгізілді.

Қоғамдық кеңестің ұлттық құрамында бес ұлттың өкілдері бар: қазақтар (35), орыстар (3) және әзербайжан (1), еврей (1), корей (1).

Қоғамдық кеңес мүшелерінің гендерлік құрамы:

Әйел адам саны – 9 (22%)

Ер адам саны -32 (78%)

Қоғамдық кеңес мүшелерінің жас құрамы

30-59 жас аралығындағылар саны – 23 (57%)

60-тан жоғарылар саны – 18 (43%)

Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлығының білімі –жоғары, 1-і – ғылым докторы, 5-і –ғылым кандидаттары.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 6-мүшесі және 4 облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары облыстық Қоғамдық кеңестің құрамында.

Қоғамдық кеңестің құрылымы:

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің 11 мүшесінен төралқа құрамы сайланды.  Қоғамдық кеңестің төрағасы – Е.Ғ. Салықов – облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы, Қоғамдық кеңестің хатшысы – А.С. Айтимов – «КазИИТУ» ҒБК-нің құрылтайшысы.

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төмендегі 6 комиссияны жасақтады:

–  Қоғамдық мониторингты, қоғамдық тыңдауды, қоғамдық талдауды және есептерді тыңдауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша комиссиясы.

Төрағасы –М.И.Құлшар – облыстық мәслихат хатшысы.

– Тұрғындардың әлеуметтік мәселелері және әлеуметтік жобалар мен денсаулық сақтау бойынша комиссиясы.

Төрағасы – С.М. Погодин – №1 Орал қалалық музыка мектебінің директоры, «Орыс мәдени орталығының» төрағасы.

–  Білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты бойынша комиссиясы.

Төрағасы – М.Н.Сдықов – облыстық археология орталығының директоры.

–  Кәсіпкерлікті (ТКШ) және экономиканың нақты секторын дамыту бойынша комиссиясы.

Төрайымы – А.Ө.Салиева – облыстық «Азаматтық альянс» төрайымы.

–  Ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша комиссиясы.

Төрағасы – Ж.Қ.Қожжанов – облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы.

–  Құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен өзара ынтымақтастық бойынша комиссиясы.

Төрағасы – Ғ.М.Жаңбырбаев – облыстық салалық кәсіподақтар ұйымының төрағасы.

   Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің 2016 жылы жұмыс жоспарларына сәйкес өткізілген іс-шаралары :

Қоғамдық кеңестің 14 кеңейтілген отырыстары өткізілді.

  • 22 ақпан 2016 жылы Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің

бірінші отырысында Қоғамдық кеңестің төрағасы және хатшысы сайланды.

– 23 ақпан 2016 жылы Батыс Қазақстан облысы әкімі Н.А.Ноғаевтің есебі тыңдалды, 3 адам сөйледі, 1 ұсыныс берілді.

– 5 сәуір 2016 жылы  «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  мәселе қаралды.

– 21 сәуір 2016 жылы  «Батыс Қазақстан облысының 2015 жылға арналған облыстық бюджетінің атқарылуы жөнінде жылдық есебі туралы мәселе қаралды.

 

– 4 мамыр 2016 жылы Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне түсініктер беру туралы мәселе қаралды, 21 адам сөйледі, 9 ұсыныс берілді.

– 19 мамыр 2016 жылы Қазақстан Республикасының Жер Кодексі туралы мәселе қаралды, 28 адам сөйледі, 21 ұсыныс берілді.

– 25 мамыр 2016 жылы Қазақстан Республикасының Жер Кодексі туралы мәселе қаралды, 15 адам сөйледі, 11 ұсыныс берілді.

– 2 маусым 2016 жылы Қазақстан Республикасының Жер реформасына қатысты заңға енгізілген өзгерістер  туралы мәселе қаралды, 11 адам сөйледі, 7 ұсыныс берілді.

– 15 маусым 2016 жылы 2011-2015 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасының орындалуы туралы, Батыс Қазақстан облысындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын мемлекеттік бақылау барысы туралы және облыс аудандарындағы жер реформасы бойынша жұмыстардың барысы туралы мәселелер қаралды.  12 адам сөйледі, 8 ұсыныс берілді.

– 4 шілде 2016 жылы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2016 жылдың I –ші жартыжылдығында орындалуы туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгіновтің есебі тыңдалды,  8 адам сөйледі, 1 ұсыныс берілді.

– 24 тамыз 2016 жылы Батыс Қазақстан облысында балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы туралы  Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының есебі және Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобалары талқыланды, 7 адам сөйледі, 7 ұсыныс берілді.

– 25 тамыз 2016 жылы  Қоғамдық кеңестің жоспарына сәйкес ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлем ХХІ ғасыр» манифесіне арналған Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің азаматтық қоғам өкілдерінің қатысымен дөңгелек столы өткізілді. Облыстық Қоғамдық кеңес хатшысы А.С. Айтимов, 8 адам сөйледі және 1 ұсыныс берілді.

– 15 қараша 2016 жылы  «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 29-2 «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  мәселе қаралды.

 

– 7 желтоқсан 2016 жылы  облыстық және аудандық (қалалық)  бюджеттер арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу  туралы, 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-4 «2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.

 

2016 жылғы облыстық қоғамдық кеңестің жұмыс нәтижелері:

14- Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырыстары , 21 – Қоғамдық кеңестің төралақа отырыстары өткізілді, онда 154 мәселе қаралды, осылардың қортындыларымен 151 ұсынбалар қабылданды, соның ішінде атқарушы органдардан келіп түскен 154 нормативтік-құқықтық актілерінің жобалары қаралды, 3-і қайта ұсыну үшін кері қайтарылды.

Облыстық қоғамдық кеңес, оның төралқасы қоғамымызды толғандырған мәселелерге дер кезінде көңіл бөліп, уақытында отырыстарына талқылауға шығарып отырды.

Қазақстан Республикасының Жер реформасына қатысты Қоғамдық кеңестің кеңейтілген 5 отырысы өткізілді, оған 300 үстінде адамдар қатысты,116 адам сөйледі және отырыс қортындыларымен Жер реформасы бойынша Республикалық комиссияға 72 ұсыныстар жіберілді. Облыс көлемінде жер реформасы жөніндегі жиындарға облыстық қоғамдық кеңес мүшелері белсене қатысып, түсінік жұмыстарын жүргізуге атсалысты.

Қоғамдық Кеңес өз отырысында 4 шілдеде Батыс Қазақстан облысының 2017 – 2020 жылдарға арналған аумақтық дамыту бағдарламасының жобасын кеңінен талқылады.

Облыстық қоғамдық кеңестің төралқа мүшелері Орал қалалық, Ақжайық, Бөрлі, Зеленов, Сырым аудандарындағы қоғамдық кеңестер отырыстарының жұмыстарына қатысты, жыл ішінде облыстық қоғамдық кеңес отырысында жергілікті атқарушы органдардың басшыларының, Сырым және Шыңғырлау аудандары қоғамдық кеңес төрағаларының есептері тыңдалды.

Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері үшін семинар кеңестер ұйымдастырылып отырды. 17 қазанда облыстық қоғамдық кеңесі комиссиясының төрайымы, облыстық «Азаматтық альянс» төрайымы                А. Салиеваның ұйымдастыруымен семинар – кеңес, 3 қарашада облыстық, Орал қалалық және аудандардағы қоғамдық кеңес мүшелері үшін Орал қаласында Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Сұлтанов Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасының, Астанадағы ЕҚЫҰ    (ОБСЕ) саяси мәселелер бойынша өкілдігінің қызметкерлері семинар – тренинг өткізді. Семинарға қатысушылар алдында: ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Сұлтанов, Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің даму бағдармасасының  жобалаушы менеджері Г.Төлесбаева, ЕҚЫҰ – ның Астанадағы ұлттық координаторы М.Дубовицкая және басқалар «Қоғамдық кеңестер туралы» және «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңдарына түсініктемелер беріп, практикалық тапсырмалар орындалды.

Облыстық Қоғамдық кеңестің төралқа отырыстарында облыс көлеміндегі қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша, атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізулері туралы, облыстық атқарушы органдардың басқару жүйелерін жетілдіру туралы мәселелер талқыланып, кейбіреулері облыстық қоғамдық кеңес отырыстарына қарау бойынша ұсыныстар енгізілді.

Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Е.Г.Салықовтың бір жыл ішінде тындырған істер туралы мақаласы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде, облыстық Қоғамдық кеңестің хатшысы А.С. Айтимовтың және  облыстық Қоғамдық кеңестің комиссия төрайымы Ә.У.Салиеваның мақалалары облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде жарияланды. Облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Е.С.Салықов қазан айында облыстық КҚО-да (СЦК) облыстық БАҚ – тар өкілдерімен кездесіп, облыстық қоғамдық кеңестің жұмысы жөнінде ақпарат беріп, журналистер сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ А.С. Айтимов, Ә.Ө.Салиева және Ж.Қожжановтар жергілікті теледидарлардан және радиодан Облыстық Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы сұхбаттар берді. 2016 жыл ішінде заң талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты Облыстық  Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етті. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің куәліктері әзірленіп, табысталды. Облыстық Қоғамдық кеңестің төралқа мүшелерінің облыс тұрғындарын қабылдау мақсатында қоғамдық қабылдау кестесі жасақталды және ол облыстық БАҚ-да  жарияланды, облыстық мәслихаттың кіші мәжіліс залында азаматтарды қабылдаулар жүргізілді.

 

Облыс тұрғындарының пікірлерін анықтау мақсатында халықтардың көп баратын  орны Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясы КЕ АҚ БҚО бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ғимараттарында  қоғамдық пікір жәшіктері орнатылды.  Қоғамдық ұйымдардың азаматтардан түскен сұрақтарға уақытында жауаптар берілді, ұсыныс пікірлер жұмыс барысында ескеріліп отырылды.

Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы                           Е.Салықов