«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы

ЖОБА

 

№ \\

Орал қаласы                                                                          15 мамыр 2017жыл

 

 

«Батыс Қазақстан облыстық
мәслихат аппараты» мемлекеттік
мекемесінің сыбайлас  жемқорлыққа
қарсы стандарттарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына 2-тармағына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты»  мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары бекітілсін.
2.  Осы бұйрықтың орындалуын бақылау облыстық мәслихат аппараты басшысы А.Т.Сұлтановқа жүктелсін.

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                                                М.Құлшар

2017 жылғы «___» __________ №___
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихаты хатшысының
бұйрығымен бекітілген

 

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

1.    Қоғамдық қатынастар саласының атауы: облыстық мәслихат аппараты.
2.    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеуші: «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» ММ (бұдан әрі – Облыстық мәслихат аппараты).
3.    Облыстық мәслихат аппараты қызметкерлерінің мінез-құлық (іс-қимыл) ережелері.
3.1.    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде Облыстық мәслихат аппараты қызметкеріне:
1)    лауазымдық өкілеттігін орындауға байланысты жеке мақсатында азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметін пайдалануға;
2)    өзі қызметте тұрған, не өзіне тікелей бағынысты немесе бақылауындағы мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
3)    кәсіпкерлік және өзге де табыс табумен байланысты әрекетті  жүзеге асыруда кімге болса да, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылмаған кез-келген жәрдем көрсетуге;
4)    жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасымен беру көзделген ақпаратты негізсіз беруден бас тартуға, немесе оны кешіктіруге, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруге;
5)    облыстық мәслихат депутаттарының және облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінің  жеке басы жөніндегі мәліметтерді беруге;
6)    жеке және заңды тұлғаларға, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі келтіруге;
7)    кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу өкілеттіктерін, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалауды осындай қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға табыстауға;
8)    өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын орындағаны үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, тұлға тиісті фукцияларды орындамайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан кез келген ақша, көрсетілетін қызмет және өзге де түрдегі сыйақы қабылдауға;
9)    өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларын атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілер мен оған қызметі бойынша тәуелді өзге де адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бойынша қолдау көрсеткені үшін сыйақы немесе көрсетілетін қызмет қабылдауға;
10)    мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың жеке сипаттағы мәселелерін шешу кезінде ықпал ету үшін қызметтік жағдайын пайдалануға тыйым салынады.
3.2.    Өз құзыретінің шеңберінде басқару және өзге де шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде облыстық мәслихат аппараты қызметкеріне:
1)    шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсетуге;
2)    лауазымдық өкілеттігін орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруге;
3)    өзінің немесе жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өзінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалануға;
4)    мемлекеттік қызметке түскен және жоғарлаған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар (тамыр-таныстық, жекжаттық) беруге;
5)    мүдделердің шиеленесуіне жол беруге тыйым салынады, ал олар туындаған жағдайда заңнамаға сәйкес оларды жою бойынша шаралар қабылдау қажет.
3.3.    Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындаған кезде.
Облыстық мәслихат аппараты қызметкерлерімен әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 10 қазандағы №568 «Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту туралы», №569 «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қаулыларына сәйкес болуы тиіс.
3.4.    Облыстық мәслихаттың сессиясына шығарылатын облыстық бюджет және
басқа да материалдар жобалары тұрақты комиссияларында, қоғамдық кеңесте қарау барысында жариялылықты қамтамасыз ету.


3.5.    Тыныс-тіршілік саласы ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де қарым-қатынастар кезінде:
1)    заңда ол үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік белгіленген теріс қылықтар және өзге де құқық бұзушылықтар жасалуына жол бермеу;
2)    іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін сақтау;
3)    басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзушылықтарға жол бермеу немесе өзге де жөніндегі шараларды қабылдау;
4)    ұжымда әріптестерінің абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан аулақ болу;
5)    басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және анық мәліметтер беру.
4.    Өзге шектеулер мен тыйым салулар.
4.1.    Облыстық мәслихат аппараты қызметкерлері:
1)    Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуі, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауы;
2)    адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы жұрт қабылдаған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы;
3)    олар қабылдаған шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуі;
4)    жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуі;
5)    мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін,  мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне  кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруы;
6)    қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін көтеруі, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйым салуларды сақтауы;
7)    өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға алу үшін емес себеп бермеуі, сын үшін қудалауға жол бермеуі, сындарлы сынды кемшіліктерді жою және өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануы;
8)    шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауы;
9)    мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуі, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта пайдалануы;
10)    қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауы, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқаруы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы;
11)    мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұрауларына толық сүйене отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауы;
12)    құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуі,  жоғалу, бұрмалау (жалған құжат жасау) мүмкіндігін болдырмауы, құжатты орындамау және бір құжатты қайта орындау, орындамай негізсіз қайтаруды болдырмауы тиіс;
13)    өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде мемлекеттік қызметшінің сыртқы түрі мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес болуы тиіс, ол ресмилігімен, ұстамдылығымен, ұқыптылығымен өзгешеленеді.

 

 

 

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихат хатшысының бұйрық жобасына
түсіндірме жазбасы

«Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары  (бұдан әрі – Стандарттар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабына сәйкес әзірленді.
Мақсаты: облыстық мәслихат аппараты саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жүйелі ұсынымдарды белгілеу.
Міндеттері:
1)    «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» ММ-сі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыру;
2)    сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу.
Стандарттар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес дайындалды.
Сонымен қоса, Стандарттар 2017 ж. 18.05 – 2017 ж. 29.05 аралығында облыстық мәслихат аппараттың ресми интернет-ресурсында (http://maslihat-bko.gov.kz) көпшілік талқылауы үшін орналастырылды.

Облыстық мәслихат хатшысы                            М.Құлшар