Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесін құру туралы

№ 31-5

Орал қаласы                                                    23 ақпан 2016 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаты жанындағы кәсіпкерлік

мәселелері жөніндегі сараптамалық

кеңесін құру туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375 Кәсіпкерлік Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1090  қаулысына   сәйкес,    Батыс    Қазақстан    облыстық  мәслихаты

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі   құрылсын.
  2. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Сараптамалық кеңестің ережесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Сараптамалық кеңестің жұмысшы органы болып Батыс Қазақстан облысының аппараты белгіленсін.
  5. Батыс    Қазақстан  облыстық  мәслихатының    2015  жылғы 6 қарашадағы  №28-6 «Батыс  Қазақстан    облыстық мәслихаты жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесін құру туралы» шешімі жойылсын.
  6. Осы  шешімнің    орындалуын    бақылау    облыстық мәслихаттың

өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссияға (А.Таспихов)   жүктелсін.

 

 

Сессия төрағасы                                             С.Сүлеймен

 

Облыстық мәслихат хатшысы                      М.Құлшар

 

 

 

 

 

 

2016 жылғы 23 ақпандағы №31-5

облыстық мәслихаттың шешіміне

1 қосымша

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы, кеңес төрағасы
Сұлтанов Абат Тағаұлы облыстық мәслихат аппаратының басшысы, төрағаның орынбасары
Қисметова Ұлжан Өтелгенқызы облыстық мәслихаттың бас маманы хатшы

Кеңес мүшелері:

Абсатиров Кеңес Ғарапұлы Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының директоры
Жақыпов Жаслан Қабиболлаұлы «Батыс Қуат Сервис» ЖШС-ның директоры, облыстық мәслихат депутаты
Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы Батыс Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және   индустриалдық-инновациялық даму  басқармасының басшысы
Истаев Абай Рафхатұлы «Ассоциация «Абадан» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры
Махмұдова Шолпан Жұматайқызы «Шағын бизнес орталығы» ассоциациясының директоры
Истелюев Әнес Қаресұлы «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар   бірлестігінің президенті
Туркина Айгуль Серікқызы Батыс Қазақстан облысының «Заман» өндірушілер ассоциациясының төрайымы
Лаврентьев Борис Георгиевич «АҚ ЖОЛ» шағын және орта бизнесті қолдау Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры

 

 

2016 жылғы 23 ақпандағы
№31-5 Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының шешіміне 2 қосымша

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже

Осы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1090 қаулысына сәйкес әзірленді және Батыс Қазақстан облыстық мәслихат жанынан құрылатын сараптамалық кеңесті қалыптастырудың және оның қызметінің тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі – сараптамалық кеңес):
1) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан сараптама қорытындыларын алу;
2) кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
3) кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік, өкілді органның (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган.
2. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған, кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;
2) көрсетілген жобаларға сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.

2. Сараптамалық кеңестерді қалыптастыру тәртібі

4. Сараптамалық кеңестің құрамы Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының, заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, коммерциялық емес ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік органның өкілдерінен қалыптастырылады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерi мен коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттiк органдар жанындағы сараптамалық кеңестердiң құрамына ұжымдық мүше ретiнде кiредi және өкiлеттiгi сенiмхатпен расталатын өз өкiлi арқылы әрекет етедi.
5. Сараптамалық кеңестің құрылымы төрағадан, оның орынбасарынан, хатшысынан және кеңестің мүшелерінен тұрады.
Сараптамалық кеңестің құрамы мемлекеттік орган басшысының шешімімен бекітіледі.

3. Сараптамалық кеңестер қызметінің тәртібі

6. Сараптамалық кеңестің мүшесі:
1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;
2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;
3) мыналарға:
қаралатын жобалар бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуге;
тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге бастама жасауы;
4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі;
5) сараптамалық кеңестің ішкі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.
7. Мемлекеттік органның шешімі бойынша сараптамалық кеңестің тиісті құрылымдық бөлімшесі болып табылатын оның жұмыс органы сараптамалық кеңестің жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
8. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
1) сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
2) жобаларды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, кәсіпкерлер палатасына, коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсына орналастырады;
3) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін жобалар бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
4) сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.
9. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылықты жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған жағдайда оның отырысын шақырады.
Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.
10. Сараптамалық кеңестің шешімі төраға және хатшы қол қоятын хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
Хатшы сараптамалық кеңестің мүшесі болып табылмайды және сараптамалық кеңес шешімдер қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы болмайды.
Бұл хаттама сараптамалық кеңес мүшелеріне жіберіледі және жобаға міндетті қосымша болып табылады.
11. Сараптамалық кеңестің отырыстары тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
12. Жобаларды қарауды сараптамалық кеңес осы Ереженің 15-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне жіберу арқылы отырыс өткізбестен жүзеге асыруы мүмкін.
13. Егер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселе тиісті мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, осындай кез келген мәселе сараптамалық кеңестің қарауына шығарылуы мүмкін.
14. Сараптамалық қорытынды жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, кәсіпкерлер палатасы мүшелерiнiң жинақталған пiкiрiн бiлдiредi, ұсынымдық сипатта болады және жоба қабылданғанға дейін оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде жобаға мiндеттi қосымша болып табылады.
Сараптамалық қорытынды қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
15. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Ұлттық палата жоба бойынша ескертулері бар сараптамалық қорытынды берген және сараптамалық кеңес мүшесі сараптамалық кеңес отырысын өткізуді талап еткен жағдайларда, мұндай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілу мүмкін.
16. Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіскен жағдайда, жобаға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.
Мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, кәсіпкерлер палатасына келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жiбередi. Негіздемесі бар мұндай жауаптар жоба қабылданғанға дейін оған мiндеттi қосымша болып табылады.
Жобаға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 65 бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік орган белгілеген мерзімде сараптамалық қорытынды ұсынылмаған жағдайда, жоба ескертусіз келісілді деп есептеледі.