Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы №30-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

 

(ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет Департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 30.06 2020 ж. №6287 болып енгізілді)

 

Орал қаласы                                   №36-4                26 маусым 2020 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы

18 қарашадағы № 30-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша

тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды

алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 29 сәуірдегі №252 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20562 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы №30-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5866 тіркелген, 2019 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                               М. Құлшар

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           М. Құлшар

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2020 жылғы

26 маусымдағы №36-4 шешіміне қосымша

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаттың 2019 жылғы

18 қарашадағы №30-1 шешіміне қосымша

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

 

1. Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үй сатып алу құқығын іске асыру үшін әлеуметтік көмек (қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде) және әлеуметтік қолдау (ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түріндегі) түріндегі тұрғын үй сертификаттары Батыс Қазақстан облысы бойынша бастапқы жарна сомасының 50% мөлшерінде айқындалды.

Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 (бір) миллион теңгеден аспайды.

3. Тұрғын үй сертификаттарының алушылар санаттары:

1) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

3) толық емес отбасылар;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін ететін қажетті мамандар.