Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  19.03. 2020 ж. № 6086 болып енгізілді

 

Орал қаласы                                 № 33-19                    18 наурыз 2020 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір

шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Калиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                              С.Потиченко

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                          М.Құлшар

 

2020 жылғы 18 наурыздағы №33-19

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының шешіміне

қосымша

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

 

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №8-1 «Облыстық және аудандар (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін белгілеу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4631 тіркелген, 2016 жылы 27 желтоқсанда «Орал өңірі» газетінде жарияланған);
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5451 тіркелген, 2018 жылы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
  3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №23-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5562 тіркелген, 2019 жылы 12 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
  4. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы №25-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5685 тіркелген, 2019 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
  5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 шілдедегі №27-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5748 тіркелген, 2019 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
  6. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 23 қыркүйектегі №29-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5802 тіркелген, 2019 жылы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
  7. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 22 қарашадағы №31-2 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5864 тіркелген, 2019 жылы 28 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).