Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-4-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қаласы                                   №32-3                        13 желтоқсан 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-4-1

««Батыс Қазақстан облысының

Зеленов ауданында SuncarSmartCity

интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің

81 басқарылатын және 162 стационарлық

бейнекамераларын орнату және сервистік

қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 23 мамырдағы №41 «Жергілікті атқарушы органдардың 2019-2021 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-4-1 «Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

жобаның атауы «Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету» келесі редакцияда жазылсын:

«Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету»;

 «Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелердің көлемдері жыл бойынша  осы шешімнің қосымшасына сәйкес қайта бөлінсін және аталған жобаның келісімшартына «Элайтс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қосымша келісім жасалсын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                       А.Потиченко 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                   М.Құлшар

 

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының 2019 жылғы

13 желтоқсандағы №32-3

шешіміне қосымша

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

 

  теңге

МЖӘ жобасының атауы 2019 2020 2021 2022
«Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында SuncarSmartCity интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің 81 басқарылатын және 162 стационарлық бейнекамераларын орнату және сервистік қызмет көрсету» 81 685 500 157 153 000 150 873 475 62 846 925
БАРЛЫҒЫ 452 558 900