Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың  шешімі

 

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  27.11.2019ж. № 5864 болып енгізілді

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 21-2

«2019-2021 жылдарға арналған облыстық

бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5451 тіркелген, 2018 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және
3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 155 702 433 мың теңге:

салықтық түсімдер – 40 856 772 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 914 822 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 20 536 мың теңге;

трансферттер түсімі – 112 910 303 мың теңге;

2) шығындар – 156 429 643 мың теңге:

3) таза бюджеттік кредиттеу – 11 315 706 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 17 089 679 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 5 773 973 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 385 392 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 385 392 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12 428 308 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

12 428 308 мың теңге:

қарыздар түсімі – 16 839 679 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 5 194 404 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 783 033 мың теңге.»;

3-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1) 2019 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің түсімі жалпы сомада
62 937 107 мың теңге көлемінде ескерілсін:»;

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жол-патрульдік полицияның саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне, учаскелік полиция инспекторларына және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеуге – 12 155 мың теңге;»;

сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 27 709 мың теңге;»;

тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға –
5 012 832 мың теңге;»;

оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуіне – 0 теңге;»;

он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 108 295 мың теңге;»;

он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге – 4 687 643 мың теңге;»;

жиырма бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 152 205 мың теңге;»;

жиырма екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«ымдау тілі маманының қызмет көрсетуге – 30 835 мың теңге;»;

отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға –
6 988 156 мың теңге;»;

отыз жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға – 2 010 000 мың теңге;»;

қырықыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 122 669 мың теңге;»;

қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға –
3 506 003 мың теңге;»;

қырық екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 593 222 мың теңге;»;

қырық үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 1 029 696 мың теңге;»;

қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«көлік инфрақұрылымын дамытуға – 858 080 мың теңге;»;

қырық тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге – 505 013 мың теңге;»;

елу екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

««Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 1 206 748 мың теңге;»;

елу үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

««Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға – 14 764 мың теңге;»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттердің өтеуін 5 773 973 мың теңге сомасында түсімдер ескерілсін.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 7 433 708 мың теңге сомасында ескерілсін.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2019 жылдың кірістерін бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі – 20,56%; Орал қаласы – 62,1%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

3) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі –20,56%; Орал қаласы – 62,1%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

4) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі – 23,93%; Орал қаласы – 62,1%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 11 544 968 мың теңге көлемінде қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

8 242 254 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

3 302 714 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.».

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11. 2019 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеуге
5 194 404 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. 2019 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 580 753 мың теңге көлемінде бекітілсін.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

қосымша

 

Сессия төрағасы                                               Ғ.Нұрмұханов

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           М.Құлшар