Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 30 мамырдағы №32-6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

жоба

№21-

Орал қаласы                                                          желтоқсан  2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 

2011 жылғы 30 мамырдағы №32-6 «Құқық

бұзушылық профилактикасы жөніндегі

ведомствоаралық комиссияның

дербес құрамы туралы» шешіміне

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы  әкімдігінің 2018 жылғы 9 қарашадағы   №260  қаулысы негізінде, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Батыс Қазақстан  облыстық мәслихатының 2011 жылғы 30 мамырдағы №32-6 «Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» шешімінің 1 қосымшасына төмендегідей  өзгерістер енгізілсін:

1) аталған Комиссия құрамына:

«Курумбаев Айболат Шамуратович – «Ғылыми  зертттеулерге қолдау көрсету қорының директоры (келісім  бойынша);

«Сейтімов  Азат  Ғалымұлы  –  «Жас  қанат»   жастар  қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім  бойынша)  енгізілсін;

2) аталған  Комиссия құрамындағы:

«Батыс Қазақстан облысы   ішкі  істер  департаментінің  бастығы (келісім  бойынша)» деген  жолдар «Батыс Қазақстан облысы   полиция  департаментінің  бастығы (келісім  бойынша)» деген  жолдармен;

«Батыс Қазақстан облысы ішкі  істер  департаменті  Жергілікті  полиция қызметінің бастығы (келісім  бойынша)» деген  жолдар «Батыс Қазақстан облысының  полиция   департаменті  Жергілікті  полиция қызметі басқармасының  бастығы (келісім  бойынша)»  деген  жолдармен  ауыстырылсын.

 

Сессия төрағасы                                                    М. Құлшар           

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                M. Құлшар