Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Орал қаласы                                  №31-3                               22 қараша 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-4

«2016-2020 жылдарға арналған

Батыс Қазақстан облысының аймақтық

даму бағдарламасы  туралы» 

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заң басшылыққа ала отырып  және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №116338 тіркелген) қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-4 «2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

3-бөлім «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және қойылған мақсаттарға жету жолдары» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда баяндалсын;

2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

қосымша

 

Сессия төрағасы                                                Ғ.Нұрмұханов                    

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                              М.Құлшар

 

 

Келісілді:

БҚО экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының

басшысы                                                            Т.Каюпов