Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы №11-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Орал қаласы                                 № 17-13                      31 мамыр 2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2017 жылғы 26 маусымдағы 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша

тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің

төрағасы және мүшелеріне «Б» корпусының

мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»

№11-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,  2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 сәуірдегі №456 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің төрағасы және мүшелеріне «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» №11-6 шешіміне өзгеріс енгізілсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қосымша (rar, 3.6 Mb)

 

Сессия төрағасы                                                      Ф.Бахтиозин                                

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                           М.Құлшар