Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-4-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Орал қаласы                                   № 29-3                        23 қыркүйек 2019 жыл  

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-4-2

«Шаруашылық жүргізу құқығындағы

«Облыстық клиникалық ауруханасы»

мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның

асханасын жалға алып күрделі жөндеу

өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру»

мемлекеттік-жекешелік әріптестік

жобасы бойынша мемлекеттік

міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы
1 тамыздағы «Жергілікті атқарушы органдардың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-4-2 «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның асханасын жалға алып күрделі жөндеу өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның асханасын жалға алып күрделі жөндеу өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру» қабылданған мемлекеттік міндеттемелер азайтылсын және аталған жобаның келісімшартына «Отау Алан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қосымша келісім жасалсын.

2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                       М.Мұхтар                                                                                              

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                   М.Құлшар                   

 

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2019 жылғы

      23 қыркүйектегі № 29-3

      шешіміне қосымша

 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің көлемі

 

  мың.теңге

МЖӘ жобасының атауы

2020 2021 2022 2023 2024
«Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның асханасын жалға алып күрделі жөндеу өткізу және технологиялық жабдықтарды ауыстыру» 20 435 20 435 20 435 20 435 20 435
БАРЛЫҒЫ 102 175