Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Орал қаласы                                     №16-1                            16 наурыз 2018 жыл

                   

 

                                                                                                        

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3

«Жергілікті мемлекеттік-жекешелік

әріптестік жобаларының тізбесін

бекіту туралы» шешіміне

өзгеріс енгізу туралы 

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

         Сессия төрағасы                            М.Байжанов                                        

                  

Облыстық мәслихат хатшысы                                              М.Құлшар

     

 

 

Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2018 жылғы

     16 наурыздағы №16-1

     шешіміне қосымша

 Батыс Қазақстан облыстық

  мәслихатының 2017 жылғы

     6 желтоқсандағы №15-3

     шешіміне қосымша

 

Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

      

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Атауы
1 Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы БҚО Орал қаласы Зашаған кентіндегі тұрғын үй құрылысы ауданында 290 орындық бала бақша құрылысы  және пайдалану
БҚО Орал қаласы Зашаған ауылы «Балауса» шағын ауданында 360 орындық балабақша құрылысы және пайдалану
БҚО Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы  және пайдалану
БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 280 орындық балабақша құрылысы және пайдалану
БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылы Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу және сервистік қызмет көрсету
2 Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы МКК ШЖҚ «Облыстық клиникалық ауруханасына магнитты-резонансты томографты лизингке алу» Орал қ.
3 Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы БҚО облыстық маңызы бар Чапаево-Жаңақала-Сайқын автомобиль жолының 0-337 шақырымына сервистік қызмет көрсету
4 Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы БҚО Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылында ауысымына 35 келуші қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы
Күрделі жөндеу және құрылғымен жабдықтаумен медициналық қызметті ұйымдастыру үшін Орал қаласында №7 қалалық емхананың мүліктік кешенін сенімгерлік басқару
5 Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылында 280 орындық балабақша құрылысы және пайдаланылуы
6 Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы БҚО Ақжайық ауданының Чапаево ауылында 320 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және пайдалану