Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Облыстық мәслихаттың  шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  07.03. 2019ж. № 5563 болып енгізілді

 

Орал қаласы                                 № 23-6                         6 наурыз 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір

шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                               М.Құлшар

                          

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                          М.Құлшар

 
 

2019 жылғы 6 наурыздағы №23-6

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының шешіміне

қосымша

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4984 тіркелген, 2017 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №16-3 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы
    6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5096 тіркелген, 2018 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
  3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы №18-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы
    6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5278 тіркелген, 2018 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
  4. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы
    6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5347 тіркелген, 2018 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
  5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы
    7 желтоқсандағы №21-1 «Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5427 тіркелген, 2018 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).