Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ұсыныстарын енгізу туралы » № 8-6 шешімінің орындалуы туралы

Орал қаласы                          №15-6                           6 желтоқсан 2017 жыл

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы 9 желтоқсандағы «Батыс Қазақстан
облысы бойынша тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесіне 2017 жылға арналған
мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
ұсыныстарын енгізу туралы » № 8-6 шешімінің
орындалуы туралы

 

                     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік аудит нәтижесі туралы:
– «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінде үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен бөлінген қаржының тиімді пайдалануы бойынша;
– «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде су қоймаларын пайдалану және кең таралған пайдалы қазбаларға бюджеттен бөлінген қаржының тиімді пайдалануы бойынша ақпараты қатерге алынсын.

 

               Сессия төрағасы                                              М.Байжанов

               Облыстық мәслихат хатшысы                       М.Құлшар