Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №4-8 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия кұрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қаласы                              № 15-5                              6 желтоқсан 2017 жыл

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы 10 маусымдағы №4-8
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары
және коммуналдық меншікке жататын
объектілерге қатысты концессиялар
жөніндегі комиссия кұрамы туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

                    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №295 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы
№4-8 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия қурамы туралы» шешімімен бекітілген комиссиясының құрамына төмендегідей
өзгерістер енгізілсін:
Жәкібаев Мұрат Орынбайұлы – Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (келісім бойынша);
Сәлиева Әлия Өтемісқызы – Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша).

 

 

                  Сессия төрағасы                                                М.Байжанов

                 Облыстық мәслихат хатшысы                           М.Құлшар