Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-4 «2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

Орал қаласы                                 № 15-4                                6 желтоқсан 2017 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы 9 желтоқсандағы №29-4
«2016-2020 жылдарға арналған
Батыс Қазақстан облысының аймақтық
даму бағдарламасы туралы»
шешіміне толықтыру енгізу туралы

 

               Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің 2017 жылғы 23 қазандағы №4338-13/ПАБ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Орынбасарының 2017 жылғы 30 қазандағы №17-50/04-271 (5.2-т) тапсырмаларына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 29-4 «2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының аймақтық даму бағдарламасы туралы» шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және қойылған мақсаттарға жету жолдары» 3 – бөлімі:
«Экономика» 1-бағытында:
«Шағын және орта бизнес, сауда» бөлімшесінде:
«Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін көтеру, кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі сауданың тұрақты дамуы» 1.5 – мақсаттың:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1 жолмен толықтырылсын:

«

Нысаналы индикаторлар:

 

Өлшем бірлігі 2014 нақты 2015 нақты 2016 2017 2018 2019 2020 Ақпарат көзі, жауапты орындаушы
16-1 Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі % 41,9 42,0 42,2 42,3 42,4 ресми статистика, КИИДБ

».
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                  Сессия төрағасы                                                    М.Байжанов
                 

                  Облыстық мәслихат хатшысы                              М.Құлшар

 

 

Келісілді:
БҚО экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасының басшысы                       Қ.Маңқараев