Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №23-6 «Дағдарысқа қарсы штабының дербес құрамы туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы

Орал қаласы                                   №14- 5                            26 қазан 2017 жыл

 

 

Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы
№23-6 «Дағдарысқа қарсы штабының
дербес құрамы туралы» шешіміне
толықтыру енгізу туралы

 

                     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 2 қазандағы №244 «Дағдарысқа қарсы штаб құру туралы» 2015 жылғы 27 қаңтардағы №29 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысы негізінде, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №23-6 «Батыс Қазақстан облысы дағдарысқа қарсы штабтың дербес құрамын бекіту туралы», 2017 жылғы 1маусымдағы №10-11 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы №23-6 «Дағдарысқа қарсы штабының дербес құрамы туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы шешімдеріне келесідей толықтыру енгізілсін:
«Батыс Қазақстан облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы филиалының директоры (келісім бойынша) штаб мүшесі».

 

 

                Сессия төрағасы                                                 Қ.Ашығалиев

                Облыстық мәслихат хатшысы                          М.Құлшар