Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 шешіміне толықтыру енгізу туралы

Орал қаласы                                                               «____» _______ 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9

«Азаматтардың жекелеген санаттарына

амбулаториялық емделу кезінде тегін

және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды

және мамандандырылған емдік

өнімдерді қосымша беру туралы»

шешіміне толықтыру енгізу туралы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда «Орал өңірі» газетінде жарияланған), мынадай толықтырулар енгізілсін:

11 тармақтағы азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер келесі дәрілік заттармен толықтырылсын:

«

11. Крон ауруы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша орташа ауыр немесе ауыр дәрежедегі ауруында Устекинумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, алдын ала толтырылған шприцте инъекцияға арналған ерітінді

»;

азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер мынадай редакциядағы 13, 14, 15, 16, 17, 18 тармақтармен толықтырылсын:

«

13 Созылмалы С вирустық гепатиті Диспансерлік есепте тұрған балалар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Софосбувир +Ледипасвир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар
14 Гемотологиялық аурулар, гемобластоза және апластикалық анемияны қоса алғанда Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Верификацияланған диагнозда ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері Третиноин, капсулалар; Элтромбопаг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар; Бендамустин, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ;

Руксолитиниб, таблеткалар

15. Қан ұю факторларының тұқым қуалаушылық тапшылығы Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша Қан ұюының VIII факторы және Виллебранд факторы вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы лиофилизат
16 Аяқталмаған остеогенез Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Туа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстар Ибандрон қышқылы, қабықпен қапталған таблеткалар, көктамыр ішіне инъекцияға арналған ерітінді;

Памидрон қышқылы, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

17 Идиопатиялық өкпенің фиброзы Диспансерлік есепте тұрған ересектер Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша Пирфенидон, капсулалар;

Нинтеданиб, капсулалар

18 Жүректің ишемиялық аурулары Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша Ривароксабан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

».

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (______) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

 

Облыстық мәслихат хатшысы                                         М. Құлшар