Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы» шешімінеөзгеріс енгізу туралы

Орал қаласы                               №10- 8                                  1 маусым 2017 жыл

 

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының
2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9
«Азаматтардың жекелеген санаттарына
амбулаториялық емделу кезінде тегін
және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды
және мамандандырылған емдік
өнімдерді қосымша беру туралы»
шешімінеөзгеріс енгізу туралы

 

 

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009жылғы 18қыркүйектегі Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001жылғы 23қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы»шешіміне(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылы 5 қаңтарында № 4643 тіркелген)шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

2. Ювенильдық артрит Диспансерлік есепте тұрған балалар Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі Тоцилизумабинфузиялықерітіндідайындауғаарналғанконцентрат;

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді;

Этанерцепт инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ

2.Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                   Сессия төрағасы                                                  Л.Тұрсынова

 

                   Облыстық мәслихат хатшысы                              М.Құлшар