Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-12 «Жер комиссиясы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қаласы                                      № 25-10                      27 мамыр 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-12

«Жер комиссиясы туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы

25 қаңтардағы №18 және 2019 жылғы 5 наурыздағы №53 қаулылары негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-12 «Жер комиссиясы туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

жер комиссиясының құрамында:

«Стексов Игорь Валерьевич» деген сөздер «Есқалиев Ғали Нәжімеденұлы» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Дәулетжанов Амангелді Медхатұлы» деген сөздер «Шәуенов Ринат Сатымұлы» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Сессия төрағасы                                                       К. Муканов

 

Облыстық мәслихат                                                      

хатшысы                                                           М. Құлшар

 

2019 жылғы 27 мамырдағы №25-10

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихаттың шешіміне

1-қосымша

 

Жер комиссияның құрамы

Есқалиев

Ғали Нәжімеденұлы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы

 

Мұханбетжанова

Әлия Биғазықызы

Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары

 

Бермағамбетова

Айнагүл Аманғалиқызы

Батыс Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының бас маманы, хатшы

 

Комиссия мүшелері:

Шәуенов Ринат

Сатымұлы

Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы

Есенғалиев

Берік Абатұлы

Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Қайсағалиев

Алтынбек Кеңесұлы

Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы

Ермеккалиев

Мұрат Шыманғалиұлы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары (келісім бойынша)

Рамазанов

Бауыржан Сәкенұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Батыс Қазақстан аумақтық бөлімінің басшысы (келісім бойынша)

Ермағамбетов

Шынболат Бекұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Батыс Қазақстан филиалының бас гидротехнигі (келісім бойынша)

Жұмағалиев

Нұрбол Маратұлы

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы директорының орынбасары (келісім бойынша)

Серғалиев

Нұрлан Хабиболлаұлы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты  (келісім бойынша)

Салықов

Ербол Ғұмарұлы

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Исмағұлов

Тимур Нұрланұлы

«Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры (келісім бойынша)

Мақсотов

Нұржан Ерболатұлы

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (келісім бойынша)

Махмұдова

Шолпан Жұматайқызы

«Шағын бизнес орталығы» қауымдастығының директоры (келісім бойынша)

Лаврентьев

Борис Георгиевич

«Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры (келісім бойынша)

Гадельшиев

Бақытжан Мендыгерейұлы

«АксайСнабКонтракт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша)

Доценко

Анатолий Владимирович

«Доценко» шаруа қожалығының басшысы (келісім бойынша)