Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №4-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Орал қаласы                                     №25-9                                27 мамыр 2019 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2016 жылғы 10 маусымдағы №4-8

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары

және коммуналдық меншікке жататын

объектілерге қатысты концессиялар

жөніндегі комиссия кұрамы туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес және  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы №112 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы №4-8 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары және коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссия құрамы туралы» шешімімен бекітілген комиссиясының құрамына келесі өзгерістер енгізілсін:

«Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (мемлекеттік және жекешелік әріптестікті дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін), комиссия төрағасы» деген жол «Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы» деген жолмен ауыстырылсын;

«Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (кәсіпкерлікті дамыту  және инвестициялар тарту мәселелеріне жетекшілік ететін), комиссия төрағасының орынбасары» деген жол «Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (мемлекеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылуы, қаржылық және салықтық саясатты дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін), комиссия төрағасының орынбасары» деген жолмен ауыстырылсын.

 

 

Сессия төрағасы                                                       К. Муканов                                                  

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                       М. Құлшар