Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Облыстық мәслихаттың шешімі

ҚР Әділет Министірлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 09.11.2020ж. №6467 болып енгізілді

 

Орал қаласы                                 №39-2                           6 қараша 2020 жыл

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының

2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1

«2020-2022 жылдарға арналған облыстық

бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5896 тіркелген, 2019 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 192 874 637 мың теңге:

салықтық түсімдер – 42 095 431 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 398 555 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 21 272 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 150 359 379 мың теңге;

2) шығындар – 200 347 455 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 30 818 811 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 37 654 316 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 835 505 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 500 000 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 500 000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -38 791 629 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
38 791 629 мың теңге:

қарыздар түсімі – 40 530 660 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 897 752 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 158 721 мың теңге.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 32 710 832 мың теңге сомасында, соның ішінде Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін 25 620 000 мың теңге, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 7 090 832 мың теңге ескерілсін.»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін 2020 жылға кірістерді бөлу нормативі төмендегі ерекшеліктер кірістері бойынша белгіленсін:

1) төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі – 15,5%; Орал қаласы – 72,5%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі, Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

3) төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын жеке табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі –15,5%; Орал қаласы – 72,5%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%;

4) әлеуметтік салық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Бөрлі – 15%; Орал қаласы – 71,7%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.

5) Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:

Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен ағымдағы нысаналы трансферттер 11 256 486 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

5 501 298 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

5 755 188 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. 2020 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 2 814 500 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

қосымша

 

Сессия төрағасы                                                 Е.Токсанов

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                М.Құлшар