Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 22 шілдедегі №5-6 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Орал қаласы № 36-5 26 маусым 2020 жылы
«Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы
22 шілдедегі №5-6 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 22 шілдедегі №5-6 шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
8-тармақ:
мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тексеру комиссиясының заңды мекенжайы:
Индекс: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 201 үй.
17-тармақ:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазалар қолданады;».
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы М. Құлшар
Облыстық мәслихат
хатшысы М. Құлшар