Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесімен келісу туралы

Орал қаласы                                 № 27-3                            19 шілде 2019 жыл

 

Азаматтық қызметшілер болып

табылатын және ауылдық жерде

жұмыс істейтін денсаулық сақтау,

әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру,

мәдениет, спорт, ветеринария,

орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар саласындағы мамандар

лауазымдарының тізбесімен келісу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 бабы 9-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының ұсынылған тізбесімен келісілсін.

2. 2016 жылғы 8 сәуірдегі №3-2 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесімен келісу туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі жойылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы                                                              М.Мұхтар

 

Облыстық

мәслихат хатшысы                                                           М.Құлшар

 

2019 жылғы 19 шілдедегі № 27-3

Батыс Қазақстан облыстық

мәслихатының шешіміне

қосымша

 

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

 

1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тізбесі.

1. Басқарушы персонал:

денсаулық сақтау ұйымдары мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы, басшының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық  мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа);

клиникалық (күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелердің меңгерушілері;

бөлімнің (медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық) басшысы; клиникалық (функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру) және параклиникалық бөлімшелердің (зертханалардың) меңгерушілері;

дәріхананың (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі.

2. Негізгі персонал:

мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, провизор (фармацевт), зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), психолог маманы; фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық),тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), рентген зертханашысы, фармацевт, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер, медициналық тіркеуші, нұсқаушы-дезинфектор; логопед, әлеуметтік қызметкер.

3. Әкімшілік персонал:

арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшылары (меңгерушілері).

4. Қосалқы персонал:

мейіргер

 

2. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі.

5. Басқарушы персонал:

мемлекеттiк мекеме және мемлекеттiк қазыналық кәсіпорын басшысы (директор) және басшының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелері бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық  мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа).

медициналық бөлімшенің меңгерушiсi, үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі.

6. Негізгі персонал:

мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер,   диеталық мейіргер, фельдшер, провизор (фармацевт), мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант, ассистент), күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), зертханашы, әдіскер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, жүзу жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, емдік дене шынықтыру нұсқаушы (маман), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, психолог, логопед, дефектолог, тәрбиеші.

7. Әкімшілік персонал:

дәріхана меңгерушісі, кітапханашы.

8. Қосалқы персонал:

мейіргердің көмекшісі

 

3. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі.

9. Басқарушы персонал:

басшы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын білім беру ұйымы басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық  мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);

шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі ұйымның, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, әдістемелік кабинет, бөлім  (кадр бөлімінің басшысынан басқасы), медициналық пункт, оқу-кеңес пункті, сектор басшысы (меңгерушісі).

10. Негізгі персонал:

мамандар: мектепке дейінгі ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелерінің, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру мекемелерінің барлық мамандық мұғалімдері, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім ұйымдарының оқытушысы, мұғалім-дефектолог, дефектолог, сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед, логопед, бастапқы әскери даярлықты  ұйымдастырушы оқытушы, педагог-психолог, психолог, әлеуметтік педагог, әдіскер, тәрбиеші,  музыка жетекшісі, ұйымдастырушы педагог, қосымша білім беру педагогы, дене шынықтыру (емдеу) нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, тәлімгер, шебер, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінің өндірістік оқыту шебері, еңбек нұсқаушысы, көлік жүргізу нұсқаушысы, оқытушы-жаттықтырушы, туризм жөніндегі нұсқаушы, барлық мамандық дәрігерлері, медициналық мейіргер, емдәмбике, зертханашы.

11. Әкімшілік персонал:

лагерь, интернат, шеберхана, оқу-өндірістік шеберхана, кітапхана, жөндеу-техникалық шеберхана, музей басшысы (меңгерушісі), көркемдік жетекші, кітапханашы, суретші, балетмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатор, хореограф, концертмейстер.

 

4. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі.

12. Басқарушы персонал:

мәдениет ұйымдары мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық  мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа);

көркемдік жетекші,  бас қор сақтаушы, ғылыми хатшы;

бөлім, сектор, кітапхана басшысы (меңгерушісі).

13. Негізгі персонал:

мамандар: қор сақтаушы, ғылыми қызметкер, музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), экскурсовод, өнертанушы, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, хореграф, сүйемелдеуші, дыбыс режиссері,  әкімші (негізгі қызметтер),  мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы  әдістемеші (негізгі қызметтер), концертмейстер, музыкалық жетекші, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), кітапханашы, библиограф, редактор.

14. Әкімшілік персонал:

киномеханик, аранжировщик, барлық атаудағы техниктер.

 

5. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесі.

15. Басқарушы персонал:

мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы және  басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық  мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа).

16. Негізгі персонал:

мамандар: спортшы-нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы, дәрігер, медициналық бике/аға.

 

6. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария саласы мамандары лауазымдарының тізбесі.

17. Негізгі персонал:

мамандар: ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер.

 

7. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы мамандары лауазымдарының тізбесі.

18. Басқарушы персонал:

мемлекеттік мекеме басшысы және басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарлары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарынан басқа).

19. Негізгі персонал:

мамандар: орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақ негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері (орман шаруашылығы инженері, орман өсіру және молайту жөніндегі инженер, орман қорғау және күзету инженері,  инженер-орманпатолог), аңшылық танушы (аңшылық маманы), орманшы, орманшы көмекшісі, орман шебері, орман күзетшісі, қорықшы, орман өрт сөндіру станциясының басшысы.